Айыртау ауданы, Сырымбет ауылындағы “Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы”

Мұражай Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында орналасқан. Мұражай құрамына 1663 ш.м. аумағы бар Ш. Уәлиханов атындағы мұражайы мен оңтүстiк-шығыс бағытында жалпы аумағы 4030 ш.м. тұрғын Сырымбет ауылынан 4 шақырым жерде орналасқан әйгiлi ғалым Ш. Уәлихановтiң әжесi Айғанымның үйi (Сырымбет үйi) кiредi.
19 ғасырдың ағаш сәулет ескерткiшi «Сырымбет үйiнiң” сәулет бейнесi бiрте-бiрте құрастырылды. Оған, ағаш қоршаумен оқшаланған тұрғын үй, мешiт, медресе, шаруашылық құрылымдар, монша кiредi.
2008–2009 жылдардағы «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасы аясында Сырымбет өткелiнде қалпына келтiру жұмыстары жүргiзiлуде.
Үйдi қалпына келтiру үшiн 2008–2009 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және, ақпарат министрлiгiмен 28,0 млн.теңге бөлiндi, қалпына келтiру жұмыстарын «Қазреставрация» мемлекеттiк кәсiпорынның Батысқазақстандық филиалы жүргiзедi.
Қазiргi уақытта келесiдей жұмыстар атқарылды: тұрғын үй және мешiт қалпына келтiрiлдi, ағаш қоршаулар, үй айналасындағы бөгеттер тұрғын үйде екi қабатқағаш қойылымдар, есiктер және терезе қақпақтары ауыстырылды.
Қайта қалпына келтiру 2010 жылда 2009–2011 жылдардағы «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобаның Концепциясына сәйкес жалғастырылады.
Жалпы жәдiгерлер саны-6980, олардың iшiнен 1300 бұйымы экспозициялық залдарда орналасқан. Мұражайда Ш. Уәлихановтың өмiрi, оның туысқандары, қазақ халқының материалдық, рухани мәдениетi, салт -дәстүрi туралы материалдар жиналды.
Мұражай қызметкерлерiнiң жұмысы ғылыми әдебиет, мақалалар және тағы да басқа Ш. Уәлихановтың өмiрi мен қосқан үлесi, оның туысқандары, бiрлесе белсендiлiк атқарғандар туралы материалдық дәлел жинақтауға және экспозиция мен көрмелердi ұйымдастыру арқылы тарихи мәлiметтердi жолдауға бағытталған.
Жыл сайын мұражай қабырғасында әдеби оқулар, «Шоқан (Мухаммед-Ханафия) Уәлиханов», «Ш. Уәлиханов Петербург қаласында орыс жазушылары арасында», «Омск iстерi», «Басынан барлық жолды кешу-өлкетанушы жазбалары» тақырыптары бойынша дәрiстер және тағы басқа iс-шаралар жүргiзiледi.
Мектебіміздің атынан Ш. Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайына 2 оқушы жіберілген болатын.