“Менің елім, менің Президентім”

2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс – шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені Амандық орта мектебі атап өтті. Барлық сыныптарда “Менің елім, менің Президентім” тақырыбында тəрбие сағаттары жəне “Менің тұңғыш Президентім” салтанатты жиыны өткізілді.Жиын барысында мектебіміздің мақтанышы 11-сынып оқушысы Курбанов Сундетті аудандық “Я гражданин” шығармалар сайысында 1орнымен мектеп директоры марапаттады.